14.06.2024, 14:03

Түркістанда күйеуі досымен бірге мола басында әйелін зорлаған

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мас күйеуі әйелін «ұрып өлтіремін» деп қорқытып, досымен бірге зиратта жыныстық зорлық көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz EGOV.PRESS telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Сарыағаш ауданында мас күйеуі досымен бірге зиратта әйелін зорлады. Сотталушылар кінәні ішінара мойындады және не істеп жатқанын түсінбегенін айтты», – делінген telegram-арнада.

Сот кінәлілерді 10 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жайлы үкім шығарды.

Қылмыскерлерге қатысты сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.