13.06.2024, 15:18

Шегіртке жеу «халал» деп қалжың үшін айттым – Жұманғарин

Фото: Baq.kz

Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге журналистер сұрақ қойды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Шегіртке халал» деген сөзіңіз қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтардың кейбірі не себепті шегірткені жеуді ұсынғаныңызды білгісі келеді. Сіз не дейсіз? - деп сұрақ қойды журналистер.

Бізде өте шиеленісті саяси өмір бар. Мен кейде сіздердің аздап көңілдеріңізді көтеру үшін осылай жасаймын. Мен жауапты мемлекеттік қызметкермін. Мен өз азаматтарымызды ешқашан шегіртке жеуге шақырмаймын. Құдайға шүкір, елімізде азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген, - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Журналистер «сіз жай ғана көңіл көтергіңіз келді ме?" деп сұрады.

Олай емес. Бұл жағдай жылдан-жылға қайталанып отырғандықтан, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына тиісті тапсырманы алды. Олар әлемдік тәжірибені саралап, басқа елдерде бұл жәндіктермен қалай жұмыс істейтінін, қалай өсіретінін, қалай ұсталатынын сараптайды,-деді Серік Жұманғарин.