Желіде «Музарт» тобының мүшелеріне пародия жасаған бүлдіршіндер жұрттың көңілін көтерді, деп хабарлайды Paryz.lz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Балабақшадағы концертте балалар жылтыр костюм мен беттеріне «Музарт» тобының мүшелері Мейрамбек, Сәкен және Кенжебектің суреті салынған масканы тағып, ән айтты. Олар «Арман-ай» әнін орындап тұр.
Видеоға жазылған пікірлер де аз емес. Көпшілігі тәрбиешіге алғыс айтып, бүлдіршіндердің еңбегін бағалаған.
«Кенжебекті айнытпай салыпты. Керемет. Балалар биік белестен көрінсін. Қимылдары да ұқсайды. Ағаларына ұқсаса жаман болмайды. Апайларының фантазиясына рақмет»,- деп жазған олар.