Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елордада 63 жастағы әжей немересі үшін 3 баланы ұрып тастады (ВИДЕО)

Ол аулада үлкен балалар 6 жасар немересін ұрғанын білгенде, құр қарап тұра алмайтындығын айтқан.

Елордада 63 жастағы әжей немересі үшін 3 баланы ұрып тастады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтанда жәбірленушілердің бірінің анасы полицияға жүгінді. Ол Бөгенбай батыр даңғылындағы үйдің ауласында 63 жастағы әжейдің кәмелетке толмаған ұлын және тағы екі баланы ұрғанын айтқан, деп хабарлады paryz.kz.

Тәртіп сақшылары 63 жастағы әйелдің кім екенін анықтады.

"Ол аулада үлкен балалар 6 жасар немересін ұрғанын білгенде, құр қарап тұра алмайтындығын айтты", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйелмен профилактикалық әңгіме өткізілді. Енді тәртіп сақшылары сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша шешім шығаратын болады. Сонымен қатар, қалалық полиция бөлімі денсаулыққа зиян келтіргені үшін жауапкершілікті ескертеді, сондай-ақ ата-аналарға осындай фактілердің алдын алу үшін балалармен тәрбие жұмысын жүргізуге кеңес береді.