Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Шетелдік күмәнді діни оқу орындарының зияндылығы қандай?

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен елдегі өзекті тақырыптарға айналған дін мәселесі жөнінде деректі фильм жарық көрді. Туындыда елдегі соңғы жайттарға қатысты маңызды тақырыптарға жауап беріліп, арнайы мамандардың пікірі қамтылған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шетелдік күмәнді діни оқу орындарының зияндылығы қандай?
Фото: kazislam.kz

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы әлеуметтік платформаға көпшілік назарына ашық деректі фильм ұсынды. Фильм арнайы сегіз бөлімшеден құралып, мамандардың пікірімен сарапталып берілген.

«Шариғи білім керек пе?»

Деректі фильм жастардың арасындағы шариғи білімнің таралуы мен оның маңыздылығы туралы сөзден басталады. Нақтырақ айтсақ, әлемдегі ең көне университеттердің бірі, сонымен қатар ең беделді мұсылман рухани университеті Әл-Азһар жайлы ақпарат беріліп, біздің елдегі «Нұр-Мүбарак» университеті беретін білімді місе тұтпай жүрген жастар туралы сөз қозғалады.

Сонымен қатар Әл-Азһар университетінің профессоры
Ато Ас Сымбаттидің шариғи білім туралы ойы мен Қазақстандағы діни білім деңгейіне қатысты пікірі де қосылған. Аталған тақырыпқа қатысты
«Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевта ойын білдіреді. Айта кетейік, Әл-Азһар діни оқу орнын 988 жылы Каирде Фатимидтер әулеті құрған.

«Сұлтан Бейбарыс мешіті неге қаңырап тұр?»

Сұлтан Бейбарыс мешітін Сұлтан Бейбарыс 1266 68 жж. салдырған. Ол қазіргі кезде Мысырдағы ең танымал мешіттердің бірі. 

Бейбарыс сұлтан мешіті, Каир қаласының солтүстігіндегі ескі қорғанынан тыс жерде ең алғашқы болып бой көтерген бұл ғимаратты салуда сол заманның озық құрылыс тәсілдері мен құралдары қолданылған.

Деректі фильмде аталмыш құлшылық орнының неліктен бірнеше жыл бойы қолданыста болмағаны жайлы сөз етіледі.

«Мәрказдардың мақсаты не?»

Жат ағымның жетегіне кеткен біздің елдің жастары мен олардың білім алып жатқан оқу орындары жайлы және оларды осы жолды таңдауға, осы бағыт негізінде кетуге не итермелейтіні жайлы баяндалады.

Бұл туралы дінтанушы, имам, ұстаздар өз пікірін айтады. Оның ішінде ел аузында жүрген Нұрлан Байжігітұлы сынды діни мамандардың айтқандары қамтылған.

«Ұлт бірінші ме, дін бе?»

Қоғам талқысы қашан да ел үшін маңызы зор мәселе. Жиі талқыға түсетін тақырыптар қатарында діни ахуал мәселесі көш бастап тұр. Дін мен ұлт секілді қос ұғымның шарттары кереғар келген сәтте, көпшілік абдырап қалады. Сонымен қайсысы бірінші жүруі тиіс? Дін бе ұлт па?

Дін мен ұлт – адам болмысының және әлеуметтік ұйымның екі түрлі аспектілері.

Нақтырақ алсақ дін - әдетте табиғаттан тыс немесе жоғары күшке сенумен байланысты нанымдардың, культтердің, рәсімдердің және моральдық принциптердің жүйесін білдіреді. Ұлтына қарамастан, ортақ рухани
наным-сенім негізінде адамдарды біріктіре алады. Мысал ретінде христиандық, ислам, буддизм және басқа да діни сенімдерді келтіруге болады.

Ал ұлт - шығу тегі, тарихы, мәдениеті, территориясы немесе тілі ортақ адамдар тобын білдіреді. Ұлттық бірегейлікті белгілі бір мемлекетке немесе этникалық топқа жатқызу арқылы анықтауға болады. Бір ұлтқа әртүрлі діни сенімдегі адамдарды жатқызуға болады.

Деректі фильмді қос ұғымның мәні мен маңыздылығы қатар түсіндіріледі.

«Ахиларға алданған арулар неге көп?»

Алматыдағы оңалту орталығына жүгінген әйелдің тікелей сұхбаты аталмыш фильмде ашық көрсетіледі.

Ахиларға, дін жолындамыз деп сендірген алаяқтарға алданған қарындастарымыздың мәселесі ашық баяндалады.

Сонымен, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен әзірленген бұл документалдық фильмде еліміздегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылатын шетелдегі күмәнді діни оқу орындарында білім алу мәселелсі талқыланған. Кейбір отандастарымыздың діни білімді шетелдегі күмәнді діни оқу орындарынан алуға деген талпынысы елімізде діни экстремистік идеологияның таралуына ықпал етуі мүмкін.

Айта кетейік, деректі фильм – шынайы өмірге негізделген оқиғалар желісінде, фактілерді сөйлету арқылы құбылыстарды бейнелейтін кино өнері. Кино тарихында деректі фильмнің орны бөлек. Көптеген деректі фильмдер шынайы түсірілгендіктен көрермендерге ерекше әсер етіп, жүрегінен орын ала алады. 

Дін мен дақпырт тақырыбындағы діни өзекті сұрақтардың жауабын төмендегі деректі фильмнен көре аласыздар: