Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

БҚО-да полицейлер күдікті көліктің соңынан жаяу жүгірді (ВИДЕО)

Кейін жол талғамайтын көлік жүргізушісінің тиісті құжаттарсыз 25 қап балық тасымалдағаны белгілі болды.

БҚО-да полицейлер күдікті көліктің соңынан жаяу жүгірді (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Кеше Орал-Атырау тас жолында Lexus автокөлігінің жүргізушісі полицейлердің тоқтау туралы талабын елемей, жылдамдықты одан әрі арттырып, қашып кетуге тырысқан. Ал полицейлер оның соңынан жаяу қуа жөнелген, деп хабарлады paryz.kz, "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрдан Lexus-тің жолдан шығып кеткенін, оған полиция жақындағанын көруге болады.

"Үлкен Шаған кентінің маңындағы Орал-Атырау тас жолында көліктің жолын бөгеді. Ол жол жиегіне шығып, қар құрсауында қалып қойды. Кейін жол талғамайтын көлік жүргізушісінің тиісті құжаттарсыз 25 қап балық тасымалдағаны белгілі болды", - деді БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Lexus жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы ("Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") және ҚР ӘҚБтК-нің 619 бабы ("Ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің талаптарын орындамау") баптары бойынша хаттамалар толтырды.