Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Мені өлтіреді деп әжемді қорқытқан»: Карина Мамаш күтпеген мәлімдеме жасады

Дубайда дипломат күйеуінен зәбір көрген Карина Мамаш әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Мені өлтіреді деп әжемді қорқытқан»: Карина Мамаш күтпеген мәлімдеме жасады
фото: видеодан скриншот

«Бүгін менің әжеме Гүлнар апа хабарласты. Ол Сәкенді 3 жасынан бастап тәрбиелеген ең үлкен келін. Ол әжеме кеш болмай тұрғанда Карина арызын қайтып алсын деген. Олай болмаған жағдайда Сәкеннің Астана мен Қазақстан бойынша таныстары бар. Олар Каринаны өлтіреді немесе мертіктіреді деп қорқытқан. Менің әжемнің аяғы жұмыс істемейді. Қазір оның туған немересімен болып жатқан соңғы жағдайлар оның жағдайына кері  әсер етті. Олар үнемі оған жаза береді. Алғашында кешірім сұраса, қазір қорқытып жатыр», - дейді Карина Мамаш.

Еске салсақ, Карина Мамаштың өз күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылды. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.