Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Мысықты сойып, бізге етін береді»: Шымкентте жетім балаларды қорлаған емшінің видеосы тарады

Шымкентте 6 баланы асырап алған отбасы балаларға ит пен мысықтың етін жегізіп, зәрін ішкізген. Шымкенттегі отбасының 6 баланы асырап алғаны жайлы Балалар құқықтары жөніндегі Уәкіл Динара Зәкиева жазған болатын. Енді әлеуметтік желіде осы ауыр қылмысты жасады деген күдікті емшінің видеосы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Мысықты сойып, бізге етін береді»: Шымкентте жетім балаларды қорлаған емшінің видеосы тарады
фото: әлеуметтік желіден

Отбасы асыранды 6 баланы жылдар бойы азаптап келген. Емшілікпен айналысатын отағасы балаларды жуындырмай, аш құрсақ ұстаған. Ит пен мысықтың етін жегізіп, зәрін ішкізген. Ұлықбек есімді атпен танымал емші ер адамның әрекеті жайлы балалардың құқығын қорғайтын топ тексеруге барғанда анықтаған.

Шымкент қаласы бойынша балалардың құқығын қорғау уәкілі Жанетта Жазықбаева айтқандай балалар аш болған.

«Сарайларына кірдік. Газ балллонында 3 мысық байлаулы тұр екен. Бала бұл мысықты шетінен сойып, бізге тамақ береді деді. Мүлдем шомылмаған, денелерін қасыған. Түнде балаларды қасынбасын деп байлап қояды екен», - дейді Жазықбаева.

Асыранды балалардың ең үлкені 16 жаста болса, кішісі 3 жаста. Жауыздықтан жапа шеккен ересек  екеуі бейімделу орталығына орналастырылып, тағы төртеуі балалар үйіне бағытталды. Ер адамның өзі «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғардың психикалық ауруханасында жатыр. Көкбұлақ ауылында болған бұл жағдайдан ауыл тұтас хабарсыз, бір атадан туған бауырлары да білмеген. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, қазір іс сотқа жолданды.