Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Атырауда жаңа туған сәбилерге Тасқынбек пен Тасқынби есімі қойылған

Атырауда жаңа туған сәбилерге Тасқынбек пен Тасқынби есімі қойылған, - деп хабарлайды Paryz.kz Атырау газетіне сілтеме жасап.

Атырауда жаңа туған сәбилерге Тасқынбек пен Тасқынби есімі қойылған
Фото: pixabay.com

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай кезінде өңірде 1846 сәби дүниеге келген. Оның 961-і ұл, 885-і қыз бала. 

"Атырау қаласының бір отбасы 29 сәуірде дүниеге келген тұңғыш ұлының есімін Тасқын-би қойса, осы күні Индер аудандык АХАТ бөлімінде де Тасқынбек есімді ұл баланың есімі тіркелген. Бұл – олардың отбасындағы сегізінші баласы,- деді облыстық азаматтық хал актілерді тіркеу басқармасының басшысы Алмагүл Төремұратова. 

Соңғы статистикалық мәліметке сүйенсек, Атырау қаласында ер балаларға көп қойылған есім – Мұхаммад. Бұл есіммен 32 ұл баланы атаған. Ал, қыздарға ең көп қойылған есім – Айша. Айша есімін иеленген 33 атыраулық қыз бар. Одан кейін қыз балаларға Медина есімі – 31, Асылым – 29, Сафия – 27, ұлдарға Хамза – 19, Айсұлтан есімі 15 рет қойылған.