Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Әндерін тығылып тыңдайды»: Смадияров Қайрат Нұртастың анасы жақсы «PR-щик» екенін айтты

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров PR мамандары жайлы Ақсұлу Санғалидің подкастында Қайрат Нұртастың анасын мысалға алды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Әндерін тығылып тыңдайды»: Смадияров Қайрат Нұртастың анасы жақсы «PR-щик» екенін айтты
Ко

«PR деген дүниеге барлығы кіреді. Мен мемлекеттік жүйедегіні айтпай-ақ қояйын. Бір әншінің анасы жайлы айтқым келеді. Қайрат Нұртастың анасы мықты PR-щик. Қанша дегенмен, сол жігітті өсіріп, өндіріп қазақтың жұлдызы етті. Қызығушылық жолғалған кезде қызықты ақпарат тауып, қоғамды тонуста ұстап тұрады»,- дейді Смадияров.

Оның айтуынша,Қайрат Нұртастың әндерін барлық ұлт тыңдайды.

«Әндерін ұнатпай «Бұл кім өзі?» дегендердің өзі тығылып тыңдайды. Ол кісіні өзім жеке танымаймын, әнін де тыңдай бермеймін. Бірақ жалпы алғанда образын әлі алып келе жатыр. Қайрат Нұртастың анасын сондықтан мықты PR-щик деп айта аламын»,- дейді ол.