Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Үкімет тұтынушының сатушыға картамен аударған ақшасына салық салмақ

"Қолма-қол ақшасыз төлемдер жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын, олардың көлемі екі цифрға ұлғаюын көріп отырмыз", - дейді Әлихан Смайылов.

Үкімет тұтынушының сатушыға картамен аударған ақшасына салық салмақ
фото: ашық дереккөз

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов тұтынушылардың сатушыларға карта арқылы жасаған ақша аударымдарына салық салу қажет деп мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Ұялы банктік қосымшалар арқылы тұтынушылардан кәсіпкерлерге түсетін ақша аударымдарын фискалдау мәселесін шешуге ерекше назар аудару қажет. Қолма-қол ақшасыз төлемдер жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын, олардың көлемі екі цифрға ұлғаюын көріп отырмыз. Бірақ, сонымен бірге, тиісті салықтарды төлеуге міндетті кәсіпкерлердің қызметін салықпен толық қамту міндеті тұр. Әрине, жеңілдік берілгендерді ескере отырып", - деді Смайлов, Қаржы министрлігінің кеңесінде.

Бұған дейін Қаржы министрлігіне банктер арқылы ақша аударымдарын фискалдау саласындағы жұмысты күшейту ұсынылған болатын.

"Қаржы министрлігі кәсіпкерлердің банктер арқылы ақша аударымдарын фискалдау мәселелеріне ерекше назар аударуы керек. Жалпы, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы үйлестірілген жұмысты жалғастыру қажет", - дейді Смайлов.

Еске сала кетсек, қазақстандықтардың ақша аударымдарына салық салу мәселесі 2019 жылы көтерілген болатын. Сол сәтте Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов төлем түріндегі ақша аударымдарына салық салынуы керек екенін атап өткен-ді.