Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістан облысында зейнетақы жинағын 37,3 мың адамның 1-і ғана шеше алған

"Бұл негізі дабыл қақтыратын, өте қорқынышты цифр", - дейді Сәбит Рысбаев.

78 074 адам осы күнге дейін зейнетақы шотынан ақша шешіп алыпты. Орташа шешкен ақшалары 5.4 миллион теңге. Ең көп ақша...

Опубликовано Сабитом Рысбаевым Четверг, 18 февраля 2021 г.
Түркістан облысында зейнетақы жинағын 37,3 мың адамның 1-і ғана шеше алған
фото: Тұрар Қазанғапов

Желі белсендісі Сәбит Рысбаев Facebook-тегі парақшасына елімізде зейнетақы шотынан ақша шешіп алып жатқан халық туралы пікірін жазған. Оның айтуынша, аталған үдеріс Түркістан облысы тұрғындарының ең кедей екенін айғақтапты, деп хабарлады paryz.kz.

"78 074 адам осы күнге дейін зейнетақы шотынан ақша шешіп алыпты. Орташа шешкен ақшалары – 5,4 миллион теңге. Ең көп ақша шешкен Маңғыстау облысы. Орташа 8,6 миллион теңгеден. Түркістан облысында 2 миллионнан астам халық тұрса да 54-ақ адам ақша шешкен екен. Бұл негізі дабыл қақтыратын, өте қорқынышты цифр", - дейді ол.

Жазба авторының пайымдауынша, осының өзін-ақ өңірлер арасындағы тұрмыстық алшақтықтың нақты бір көрінісі деуге болады.

Тағы оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағының жартысына отандық автокөлік алу да ұсынылды

"Яғни Маңғыстау облысында әрбір 47 адамның бірі ақша шешсе, Түркістан облысында тек 37 370 адамнан 1 адам ғана ақша шеше алған. Түркістан облысы сіңірлердің сіңірі тұратын облыс секілді", - деп түйіндеді сөзін Сәбит Рысбаев.