Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Теміртауда адам тонаумен айналысқан ағайындылар ұсталды

19 және 23 жастағы күдіктілер қылмыстарын мойындады.

Теміртауда адам тонаумен айналысқан ағайындылар ұсталды
фото: ашық дереккөз

Адам тонаумен айналысқан теміртаулық ағайындылар құрықталды, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап.

30 қаңтар күні Қарағанды облысы Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 59 жастағы әйелден арыз түскен. Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің маңынан өтіп бара жатқанда белгісіз біреулердің шабуыл жасап, қолындағы сөмкесін тартып әкеткені туралы жазған. Сөмкеде жәбірленушінің ұялы телефоны болған. Келтірілген шығын көлемі - 25 мың теңге.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабына ("Тонау") сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске ағайынды екі азаматтың қатысы бар екені анықталды. 17 ақпан күні жедел уәкілдер күдіктілерді ұстады. 19 және 23 жастағы күдіктілер қылмыстарын мойындады. Айғақ зат ретінде ұялы телефон тәркіленді. Олар қамауға алынды.