Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың тағы бір қылмысы туралы айтты

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы сотты болған күйеу баласының тағы бір қылмысын айтты, деп хабарлайды Paryz.Kz. 

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың тағы бір қылмысы туралы айтты
Фото: canva.com

Бұл туралы Айтбее Амангелді тележүргізуші Тимур Балымбетовке ютубта берген сұхбатында  айтты. 

Айтбек Амангелді “Бишімбаев бала өлтірген” деген мәселені ашып баяндады.

“Жаяу жүргіншілер жолында бала қағып кеткен. Біз 8-9 қараша күндері Салтанаттың өліміне қатысты куәгерлерді іздеп, халықтан көмек сұрадық. Осы кезде бізге бұған дейін болған ескі оқиғалар туралы да айтқан кісілер болды. Солардың ішінде бір әйел болды, онымен біз бетпе-бет кездестік, сол жерде айтты. Қателеспесем қараша айында еді, көзілдірік таққан, шарфқа оранған әйел болды”, – дейді Айтбек Амангелді.

Бишімбаевтың қылмысын өзге біреу мойнына алған. Айтбек баланың өліміне кінәлі деп танылған адамның отбасында айтарлықтай өзгерістер болғанын да атап өтті.

“Мен алғашында бұл ақпаратқа сыни көзбен қарадым. Бірақ ол өте көп ақпаратпен бөлісті және оның берген ақпараттары ресми деректермен сәйкес келіп отырды. Барлығын нақты деректермен аты-жөндерін, туған жылдарын берді. Сондай-ақ ол соз кезде қылмысты өз мойнына алған екінші адамның аты-жөнін берді. Ресми деректерге сүйенсек, сол адам 3 ай уақытша тергеу изоляторында отырған. Сосын тараптардың татуласуымен іс жабылып кеткен”, – дейді марқұмның ағасы. 

Айтбек кездескен әйелдің мәліметінше, аталмыш жол апатында рөлде Бишімбаев отырған және мас күйінде болған  көрінеді.

“Осы оқиғадан кейін қылмысты мойнына алған адамның әкесінің кәсібі үлкейе түскен, ал өзі тергеу изоляторынан шыққан соң әскерге барып келген. Әскерден кейін ол да Байтерек компаниясы секілді жерлерде лауазымды қызметтер атқарған. Ал Бишімбаевтың өзі осы оқиғадан кейін Америкаға оқуға кетіп қалған”, – дейді Айтбек Амангелді.