Елімізде мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов facebook-парақшасында жазды, деп жазады Paryz.kz.
Видеода бір топ жамағат сәждеге жығылып, намаз оқып отырғанын көруге болады. Ал теріс ағым иелері тізе бүкпей тұрады.
"Діни бүлікшілер артында кім тұр?
Соңғы күндері теріс ағым топтасқан бүлікшілері мешіттерге арандату мақсатымен жүйелі түрде дау-дамай қақтығыстар ұйымдастырып жатыр.
Заңды түрде шара қабылдамаса ертең кеш болады", - деп жазды Мұрат Әбенов.