Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қызылорда облысында сауна меңгерушісі жеңгетайлықпен айналысқан

16 ақпан күні облыс орталығындағы сауналардың бірінің 24 жастағы меңгерушісі пайда табу мақсатында саунаға келген тұтынушыға жеңіл жүрісті қызды ұсынған. 

Қызылорда облысында сауна меңгерушісі жеңгетайлықпен айналысқан
фото: дереккөз

Қызылордалық полицейлер жеңгетайлықпен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген бір азамат анықталды. 16 ақпан күні облыс орталығындағы сауналардың бірінің 24 жастағы меңгерушісі пайда табу мақсатында саунаға келген тұтынушыға жеңіл жүрісті қызды ұсынған.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 309-бабының 1-бөлігімен ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.