Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Қоштасу видеосын жазып қалдырған" павлодарлық жоғалып кетті

Онда Константин қоштасып, қарызын төлеу үшін зейнетақы шотынан ақша алуды сұрайды.

"Қоштасу видеосын жазып қалдырған" павлодарлық жоғалып кетті
фото: ашық дереккөз

Павлодарда 34 жастағы ер адам жоғалып кетті. Ол кетер алдында қоштасу видеосын жазып қалдырған, деп хабарлады paryz.kz.  

Павлодар телеграм-арнасы хабарлағандай, Константин Суханов 17 ақпанда жоғалып кеткен. Ол сағат 10:00 шамасында үйден шыққан. Әйелінің айтуынша, ол ешкімге ештеңе айтпаған. Өзімен бірге ешқандай кілт немесе құжат алып кетпеген.

Ер адам ұялы телефонына видео түсіріп қалдырыпты. Онда Константин қоштасып, қарызын төлеу үшін зейнетақы шотынан ақша алуды сұрайды. Баласы үшін әйеліне де алғыс айтады.

Еріктілер жоғалған адамды іздеуде.

"Этикалық себептерге байланысты және жалпы қабылданған моральдық ережелерге сәйкес біз бұл видеоны жариялай алмаймыз. Қазіргі уақытта Константинге жедел іздеу жарияланды", - делінген жазбада. 

Облыстық Полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.