Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қостанайда интернет алаяқтары көбейіп кеткен

Мысалы, Қостанай тұрғыны 17 адамның жеке бас мәліметін ұрлап, олардың атына онлайн несие рәсімдеген. 

Қостанайда интернет алаяқтары көбейіп кеткен
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында киберқылмыс белең алып барады, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Биыл интернетте 129 алаяқтық әрекет жасалды. Әсіресе, жарнама сайттарында, әлеуметтік желілерде алданып жатқандар көп. Тауарыңызды сатып немесе жеткізіп береміз дейтін қулар жұрттың ақшасын қағып кетеді. Мысалы, Қостанай тұрғыны 17 адамның жеке бас мәліметін ұрлап, олардың атына онлайн несие рәсімдеген. Шағын несие ұйымы арқылы өз шотына 30-дан 50 мың теңгеге дейін аударып отырған. Әккі алаяқ басқа облыс тұрғындарын да тақырға отырғызыпты. 

"Біреу сіздің атыңызға несие рәсімдеп, қарыздар екеніңізді білсеңіз, полицейлер сізді жәбірленуші ретінде тіркейді. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалады. Сот оны несиені өтеуші деп табады. Қазір Ішкі істер министрлігінде онлайн-несие тәртібін қатаңдату тетіктері қарастырылып жатыр. Мүмкін бір құжатпен шектелмей, азаматтардың деректерін қосымша тексеруді талап етуді ұсынатын боламыз", - дейді облыстық ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Қанат Өтегенов.