Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті

Ол 2020 жылы 17 мамырда қамауға алынып, қарашада ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған.

Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті
фото: ашық дереккөз

Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті, деп хабарлады paryz.kz, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"15 ақпанда ЛА-155/18 (тергеу изоляторы) мекемесінен 1987 жылғы сотталушы Д.Т. Давудов қашып кетті. Аталған факт бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабына ("Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу") сәйкес сотқа дейінгі тергеу бастады. Жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі мен мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

"Айта кетейік, қашып кеткен ер адам 2020 жылы 17 мамырда қамауға алынып, қарашада ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған", - деп қосты ведомстводағылар.