Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ләйлә Сұлтанқызы астаналық азаматтың ерекше оқиғасын айтып берді

Астана қаласында сенбілікке шыққан Ләйлә Сұлтанқызы жергілікті тұрғынның бастан өткен оқиғасын баяндады.

Ләйлә Сұлтанқызы астаналық азаматтың ерекше оқиғасын айтып берді

Тележүргізушіге көмектесу үшін келген азамат әйелі бір бүйрегін берген айтып берген.

Тележүргізуші оқиғаның басты кейіпкерін Instagram желісіндегі парақшасында таныстырды.

«Осы іс-шараға көмектесуге келген жігітпен таныстырсам деп отырмын. Есімі Бекболат. Осыған дейін әріптесім Ерқанат Көпжасар сюжет әзірлеп, деректі фильм түсірген екен. Бұл кісіге келіншегі бір бүйрегін берген», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ер адамның айтуынша, оған ота жасалғанына 4 айдың жүзі болған.

«Гемодиализден құтылғаныма 4 ай болды. Келіншегімнің есімі Сәбира. Қазір үш қызымыз бар. Мұны екінің бірі істей бермейді. Келіншегімнің ісі - нағыз ерлік. Әйеліме өмір бойы риза болып өтемін. Әке-шешесіне осындай қызды тәрбиелеп, менің тағдырыма жолықтырғанына алғыс айтамын. Жар таңдаудан қателеспеу деген осы шығар», - дейді Бекболат.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, жергілікті тұрғынға әйелінің бүйрегі 86 пайыз сәйкес келген.

«Ағамның бүйрегі 45 пайыз сәйкес келді. Сонымен денсаулығына байланысты бола алмады. Кейіннен донор таппай, ұзақ жүрдік. Келіншегім негізі 2020 жылы осы ауруды естіген кезде бүйрегін беруге келіскен. Бірақ үлкендер бір отбасынан екі мүгедек болмасын деген ниетпен қарсылық танытқан еді.

«Бұл ауру бір жағынан емделгенімен, екінші жағынан шаршатады. Осы уақытқа дейін жүрегім ауырып, екі рет ауруханаға жатып шықтым. Содан келіншегім үлкендерді тыңдамай, бүйрегін беру туралы шешім қабылдады», - деді Бекболат есімді азаматтың өзі.

Ләйлә Сұлтанқызы сенбілікке келген оқырманын әкімдік қызметкері деп ойлап қалғанын айтады.

«Қасымда бір ер адам көмектесіп, кәдімгідей жұмыс істеп жүрді. Әкімдіктен келген азамат шығар деп ойладым. Кейін таныса келе, оқиғасын тыңдап, көңілім босап кетті. Төрт ай бұрын жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті болып, жақында қайта жұмысқа шығады екен», - деді тележүргізуші өз жазбасында.

Көпшілік Бекболатқа ұзақ ғұмыр тілеп, ақ тілегін жаудырды.