Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Талас тасыса, Жамбыл облысындағы 38 елді мекенді су басқалы тұр

Тараздың өзі де қауіпті аймақта.

Талас тасыса, Жамбыл облысындағы 38 елді мекенді су басқалы тұр
фото: mail.kz

Жамбыл облысында өзендердегі су деңгейі күрт көтерілу қаупі бар, деп хабарлады paryz.kz.

Биылғы көктемде өңірде 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта құтқарушылар тобы тікұшақпен ең қауіпті өзендер мен су қоймаларын бақылап жүр. Талас өзенінің жағалауы әлі нығайтылмаған, Тараздың өзі де қауіпті аймақта.

"Бүгінде құмды аймақта қардың әлі еріп бітпегені байқалады. Олар - Байзақ, Сарысу, Талас және Мойынқұм аудандары. Топырақтың қатуы Мойынқұм ауданы аумағында шамамен 40-50 сантиметр ғана. Онда минус 5-7 градус", - деді Жамбыл облысының ТЖД басқарма бастығы Омар Такеев.