Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Баласын 30 жыл іздеген әке оны газет арқылы Ақтөбеден тапты

Анасы оны бір жасында алып кетіп, тегін өзгерткен, байланыс үзілген...

Баласын 30 жыл іздеген әке оны газет арқылы Ақтөбеден тапты
фото: дереккөз

Туыстары баланы 30 жыл бойы балалар үйінен және "Жди меня" бағдарламасы арқылы іздеген, алайда кейін "Диапазон" газеті арқылы тапты, деп хабарлады aikyn.kz.

Ақтөбелік волонтер Жолдас Белокосов – "Актобе, демал!" жобасының белсенді қатысушысы. Жас жігіт ағаш отырғызып, жануарларды құтқаруға көмектеседі. Өмірге құштар жігіттің балалық шағы қиын болғанын екінің бірі біле бермейді. Ол Тамдин балалар үйінде өскен, кейін Жайсанда тәрбиеленген.

"Анаммен көріспегеніме бірнеше жыл өтті. Әкем қайтыс болған деп айтты. Туыстарымды іздеп көрмеппін. Керек болмасам, оларға масыл болмайын деп ойладым. Соңғы жылдары атамды көргім келді", - дейді Жолдас.

Жолдасты әкесі жағынан туыстары көп жыл іздеген. Анасы оны бір жасында алып кетіп, тегін өзгерткен, байланыс үзілген. Жігітті 30 жылдан астам уақыт іздеген туыстары "Диапазон" газеті арқылы тауыпты.

Жолдастың ата-анасы Өзбекстаннан Ақтөбе облысының бір ауылына көшіп келген. Көп ұзамай олар ажырасып кеткен.

"90-жылдары оны соңғы рет көрдік. Мен оның жалғыз суретін тауып алдым, онда жасы 6 айлық болатын", - дейді тәтесі Балзипа.