Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтың Нүкенованы қорлап түсірген видеоларындағы сөздерді тағы бір рет еске салды, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Бишімбаевтың телефонынан табылған видеоларға назар аударайық. Әр видеожазбада Бишімбаев Нүкеновадан жасамаған әрекетін мойындауды талап етеді. Өзіне керек жауапты есту үшін Бишімбаев 20 минуттық видеода Нүкеновадан «Райымбек Баталовпен қатынасқа түстің бе?» деп 175 рет сұраған. Тағы бір видеожазбада «Шыныңды айт, мен сол кезде ұрмаймын» дейді. Нүкенова қанға боялған жейдесін көрсетіп, «міне дәлел, 10 жылға отырасың» дейді. Бұдан Бишімбаевтың Нүкеноваены ұрып жатып, оны «өлтіремін» деп айтқанын топшылауға болады. Бишімбаевтың Нүкеноваға Қазақстан орталық концерт залында «енді саған плащ керек болмайды» дегені де осыған дәлел болады», - деді адвокат.
Ол сотталушылардың қылмыс жасағанына бір түйір күмәні жоғын айтты.