«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Алматы қаласы Алатау ауданы «№26 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» тақырыбында аудандық мектеп басшыларының семинары өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Семинардың мақсаты: қоғамға пайда келтіретін, дені сау, салауатты, жаны таза, болашаққа сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Семинарға Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш, Білім бөлімінің әдіскері Смағұлова Әлия және аудан мектептерінің басшылары қатысты. Семинардың ашылуында мектеп басшысы Сейтахметова Галя сөз алып, оқушыларымыздың түрлі спорттық жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақыттағы өтетін спорттық жарыстарда мектебіміздің оқушылары биік белестерді бағындыратына кәміл сенетінін атап айтты.
Семинарда мектебеміздің оқушылары түрлі спорттан атап айтсақ, каратэ годзю-рюдан 11 «Б» сынып оқушысы Даукен Әділ Иманжүсіп Құтпанұлының 160-жылдығына арналған 2006-2008 және 2009-2011 жылғы балалар мен қыздар арасындағы дзюдодан ашық Республикалық турнирінде 66 салмақ дәрежесінде ІІ орын иегері, 10 «Б» сынып оқушысы Нурболат Мирас Халықаралық дзю-дзюцудан чемпионаты – ІІ орын иегері, көркем гимнастикадан Біріккен Араб Әмірліктеріндегі - Дубай қаласында өткен “Көркем гимнастика “халықаралық чемпионатына қатысып, 2 «В» сынып оқушысы Иинеснова Айша Болатқызы Алтын медаль иегері, Грузия мемлекеті Тбилиси қаласында өткен ІІІ- халықаралық «New Look Cup 2023» атты көркем гимнастика турниріне қатысып, 2 «В» сынып оқушысы Хамит Адия Ақылбекқызы, 1 «Г» сынып оқушысы Хамит Аилин Ақылбекқызы І орын иегерлері өз өнерлерін көрсетті.
Спортқа жаны құмар, спорт шеберлері өздерінің маңдай терлерімен қол жеткізген бірнеше медальдарын мойындарына тағып, бірнеше дүркін жеңіп алған спорттық белбеулерін белдеріне тағып,үлкен мақтанышпен қонақтар алдында шеру жасады.
Сонымен қатар 2002 жылы мектебімізде Орта Азияда «Жартасқа өрмелеу» спортын дамыту бағдарламасы бойынша ЮНЕСКО балалар қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы альпинизм және «Жартасқа өрмелеу» федерациясының көмегімен «Жартасқа өрмелеу» қабырғасы ашылған болатын. Семинар барысында «Жартасқа өрмелеу» бойынша түрлі жылдамдықты асыра отырып, жартасқа өрмелеудің кедергісіз тиімді жолдарын мектебіміздің оқушылары семинарымыздың қонақтарына көрсетті.
Семинар соңында Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш сөз алып, мектебіміздің спортшыларына ыстық ықыласын білдіріп, биік белестерді бағындыра беруіне тілектес екенін айтып өтті.