Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды

Тунис мемлекеті Махдия қаласында оқушылар арасында «The International Festival Of Engineering Science And Technology In Tunisia (I-FEST - 2024)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар байқауы өтті. Дәл осы байқауда алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Әлемнің әр түкпірінен келген 1500 қатысушының ішінен Алматы қаласының оқушылары үздік ондыққа еніп, алтын және қола медальдарға ие болды.

Атап айтқанда, №176 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Құттығалиева Адия алтын медаль жеңіп алса, №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушылары Ерден Айша мен Бақытжан Томирис қола медальға ие болды.

«Халықаралық ғылым және өнертабыстар конкурсына қатысып, Гран При жеіп алдым. Әрине, қуанышымда шек жоқ. Әлемнің 50 елінен қатысқан өнертапқыштар арасында үздік 10 қатарында болдым. Ғылыми жетекшім – тарих пәнінің мұғалімі Рахымбаев Айдын Құмарұлы. Біз бұл жобамызды жылдар бойы оқып, дайындалып, терең зерттедік. Ұстазым екеуіміздің де еңбегіміз ақталғанына шын қуандым», – дейді №176 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Адия Құттығалиева.

Байқаудың мақсаты – ғылымды тереңінен насихаттау, соның ішінде шетелдердің ғылыми тәжірибесін тарату, сондай-ақ жастарды инновациялық қызметке тарту, жасөспірімдердің, ғылыми зерттеу дағдылары мен жаңашылдық рухын дамыту. Ал мұндай жобалардың әсіресе мектеп бітірушілер үшін орасан зор пайдасы бар.

«Иә, ғылыми жобалар жарысының мектеп бітірушілер үшін маңызы зор. Өйткені Ұлттық бірыңғай тест тапсырып, оқуға тапсырар кезде қандай да бір оқушымен балың тең түссе, онда оқушының ғылыми жетістіктері сарапқа салынады ғой. Сонда осындай байқаулардың жеңімпаздарына мүмкіндік беріледі. Біз биыл «The International Festival Of Engineering Science And Technology In Tunisia (I-FEST - 2024)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар байқауына қатыстық. Әрине, үздік үштіктен көрінудің өзі үлкен жетістік. Біз үшінші орыннан көрініп, қола медальді жеңіп алдық. Бұл біз үшін үлкен абырой. Биыл мектеп бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрмыз. Барлық замандастарыма сәттілік тілеймін», – дейді №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушысы Айша Ерден.

Естеріңізге сала кетейік, әлемнің түкпір-түкпірінен  1500 қатысушы сайыста бақ сынады.  Бұл қатарда, Алматы қаласынан да талантты оқушылар барып, білімі мен білігін сынаған болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша, алматылық өрендер үздік ондықтан көрінді. Олар алтын және қола медальдарды қанжығаларына байлады.

Атап айтқанда, №176 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Құттығалиева Адия алтын медаль жеңіп алса, №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушылары Ерден Айша мен Бақытжан Томирис қола медальға ие болды.