Мәжілісмен Жанарбек Әшімжан әріптесін бандитке теңеді (ВИДЕО)

Мәжіліс депутатының бұл сөзіне желі қолданушылары өз пікірлерін жарыса білдіріп жатыр. 

Мәжілісмен Жанарбек Әшімжан әріптесін бандитке теңеді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды мәдениеттен алыстау бандитке теңеді, деп хабарлады paryz.kz.

Оның "Уақыт көсетеді" бағдарламасының жүргізушісі туралы айтқан видеосы shyndyq.kaz Instagram парақшасында жарияланған.

"Журналистикалық мәдениеттен кішкене алыстау. Жәй ғана бандюга сияқты отырып жүргізе беретін хабарлар болады. Сондай ғой", - дейді депутат.

Мәжіліс депутатының бұл сөзіне желі қолданушылар өз пікірлерін жарыса білдіріп жатыр. 

"Сендер де сондайсыңдар ғой. Кішкене ұйықтап отырасыңдар", "Жақсыны жабылып талаған заман боп тұр", "Ол халық үшін жүгіріп жүр. Сіз не істеп жатырсыз? Ұйықтап келіп, ұйықтап кетіп жүрген депутаттарды айтсаңызшы одан да", "Ол да бір хайп қуып жүр! Нұрсейіт! Дегенмен ол да шындықты бетке айтатын біртуар! Бандит деуге ұят оны! Бандит таза депутаттар! 100% сходняк жасап алды! Енді жеу, тендірлерді ұтып алу, қысқасы коррупция басталады! Бірде-бір депутат халық үшін жұмыс істемейді! Бұл - факт, өкінішке орай" десті желі қолданушылар.