Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті

Әлеуметтік желіде полицей көлігінің видеосы жаппай тарап жатыр. Автордың сөзінше, тәртіп сақшысы артқы орындықта жыныстық қатынасқа түскен. Ал аталған бейнежазбаға қатысты СҚО ПД пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті
фото: nur.kz

Видео астындағы жазбаға сенсек, СҚО-да блогер полицияның қызметтік көлігін жеке мақсатта пайдаланғанын анықтаған. Онда тәртіп сақшысы "артқы орындықта жыныстық қатынасқа түскені" де жазылған.

"ТЖ режимінде, мыңдаған отбасы баспанасыз қалғанда СҚО ПД қызметкері заң мен тәртіпті қадағалап, халықтың мал-мүлкін қорғаудың орнына артқы орындықта "махаббат ұйымдастырыпты", - делінген жазбада.

Ал видео кадрларынан анық ештеңе байқау мүмкін емес. Тек қызметтік көлік пен алдыңғы орындығында отырған азамат қана көрінген. Аталған бейнежазбаға қатысты NUR.KZ тілшісіне СҚО ПД жауап берді.

Ведомство баспасөз қызметі аудандық полиция бөліміне 44 жастағы азамат келіп, полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне арызданғанын айтты.

"Жүргізілген қызметтік тергеу барысында қызметтік тәртіпті өрескел бұзу, сондай-ақ құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық фактісі анықталды. СҚО ПД бастығының бұйрығымен қызметкер ІІБ-нен босатылды, сондай-ақ бірқатар басқа қызметкер, оның ішінде аудандық бөлім басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.