Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Дәулет Мұқаев: «Кейде шетелге көшіп кеткім келеді»

Соңғы жылдары шетелге қоныс аударып жатқан қазақстандықтар саны артып келуде, деп хабарлайды Paryz.kz.

Дәулет Мұқаев: «Кейде шетелге көшіп кеткім келеді»
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Ең ауыр тиетіні – бұлардың 70 пайызы еңбекке қабілетті жастағы, ал төрттен бірі жоғары білімді мамандар. Басым бөлігі техникалық сала өкілдері және экономистер мен педагогтар көш бастап тұр. Медицина қызметкерлері мен заңгерлер, сәулетшілер де көп.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев осыған байланысты пікірін білдірді. 

«Барлығымыз Қазақстанға ренжіп, өкпелеп кете берсек, кім қалады деген ой да туындайды. Керісінше, елде проблема бар ма, онымен күресу керек. Мысалы, мен жас депутатпын, жасым 32-ге енді толады. Менде де осы елде көптеген нәрселерге көңілім толмайтын сәттер болады. Мен де ашуланып, бір елге көшіп кеткім келеді. Бірақ ойлаймын да, ата бабамыздың қаны, жаны сінген жерден біз неге кете беруіміз керекпіз. Керісінше, проблема бар ма, онымен күресу керек, оны шешу жолында нақты ұсыныстар білдіру керек. Сондықтан, өмірдің өзі күрес қой мен енді көшіп жатқан жастарды қолдамаймын. Жақсы, басқа елге барсын, көрсін, қаншама достарым, группаластарым бар, «Болашақпен» оқып жатқан, басқа бағдарламамен оқып жатқан, бірақ қалып қоюға, көшіп кетуге мен өзім қарсымын. 

Әркімнің өз таңдауы. Десе де, өз өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген. Сондықтан, әр қайсымыз шамамыз келгенше осы жерімізді, елімізді көркейтіп, гүлдендіруге үлесімізді қосу керекпіз», - дейді белгілі депутат.