Қуандық Бишімбаев 2023 жылы 9 қараша күні телефон соққан көріпкел оны әлдекімдердің қорқытып жүргенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның айтуынша, әлдекімдер соңғы үш күнде қоңырау соға бастаған.
«Өлтіреміз» деп қорқытады. Соңғы үш күнде белгісіз біреулер қорқытып жүр. Полицияға енді арыз жазамын. Маған жаман сөздер айтып қорқытады. Кім екенін білмеймін», - деді куәгер.
Айта кетейік, бүгін сот отырысында куәгер ретінде сұралып жатқан көріпкелдің суреті мен аты-жөнін жариялауға тыйым салынды.