Атырауда қос полицей есірткімен ұсталды (ВИДЕО)

"Атырау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының техникалық қадағалау бөлімінің қызметкерлері Данияр Қанатов пен Роман Аймағамбетовтың есірткі заттарымен ұсталуы" , - делінген видео жазбасында. 

Атырау облысында екі полиция қызметкері ірі көлемде есірткімен ұсталды. Оларды құрықтау сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлады paryz.kz

Тәртіп сақшыларының қылмыс үстінде ұсталғаны туралы видеоны yyedilov Telegram каналы жариялады.

"Атырау облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасы техникалық қадағалау бөлімінің қызметкерлері Данияр Қанатов пен Роман Аймағамбетовтің есірткі заттарымен ұсталуы" , - делінген видео жазбасында.