23.04.2024, 14:27

«Есі сау ма?»: қайғылы оқиға болған күні Бишімбаевтың көріпкелге жазған хаттары оқылды

Фото: Halyq Uni

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанова қатысты сот жалғасып жатыр.

23 сәуірде сотталушы Бишімбаевтың ұялы телефонындағы фото-видеолар мен мессенджерлердегі хаттары, қоңыраулары зерттеліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Салтанат Нүкенова қайтыс болған 2023 жылдың 9 қарашасында Бишімбаев өзінің көріпкеліне бірнеше рет хабарласып, хат жазған. Оны телефонында «Гүлнар Шым» деп сақтаған.

(15:01) Бишімбаев: Оның жағдайы жақсы ма? Ол ұйықтап жатыр

(15:48) Гүлнар: Бәрі жақсы, таңға дейін ұйықтайды

(19:09) Гүлнар: Жұмыс істеп жатырмын

(19:09) Бишімбаев: Хабарласайын?

(19:09) Гүлнар: Ок

(19:24) Бишімбаев: Есі сау ма?

Гүлнар: Сау

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтан бұл хаттар мен қойған сұрағын түсіндіруін сұрады.

«Тамыр соғысын таппаған кезде жазған болармын. Оған жаздым, хабарластым. Басқа жұмыс істеп жатқанын, бос емес екенін айтты. Сол себепті көп хабарласқанмын», - деді Бишімбаев.

Айта кетейік, Бишімбаев 9 қараша күні кешкі уақытта көріпкелге 6 рет хабарласқан.

9 қараша Бишімбаев Гүлнар Насырбековаға да хат жазған. Насырбекова экс-министрге фото жолдаған, оған Бишімбаев «сенен раушанның иісі шығады» деп жауап берген.

9 қараша 19:07-де Бишімбаев телефонында «Юлия супер» деп сақталған адамға да хабарлама жазған. Экс-министр мұның жеке әңгіме екенін айтып, оқымауды сұрады. Екеуара әңгіме 19:07-де басталып, 19:36-да аяқталған.

Прокурор бұл уақыттың іске қатысы бар екенін алға тартып, хабарламаны оқуды сұрады.

(19:07) Бишімбаев: Қалың қалай?

(19:10) «Юлия супер»: Сәлем, бәрі жақсы. Өзің қалайсың?

(19:24) Бишімбаев: Не істеп жатырсың? Боссың ба?

(19:36) «Юлия супер»: Кірпік жасап жатқанмын

(19:36) «Юлия супер»: (Боссың ба? деген сұраққа жауап берген) Нешеде?