22.04.2024, 17:05

Салтанаттың ағасы сотта көз жасына ерік берді

Фото: видеодан скриншот

Судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың Нүкенованы түсірген бейнелерін көріп шықты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бейнеде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың марқұм Салтанат Нүкеноваға бұрынғы қарым-қатынасы туралы айтып, балағат сөздер айтқан. Ал Бишімбаев бұл видеоларды түсірмегенін алға тартып, "бұл - монтаж" деп айтты. 

Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді жантүршігерлік кадрларды көріп көз жасына ерік берді.

Бұған дейін сотта Бишімбаевтың ұялы телефоны тексерілгенін жазған едік.