Судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың Нүкенованы түсірген бейнелерін көріп шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бейнеде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың марқұм Салтанат Нүкеноваға бұрынғы қарым-қатынасы туралы айтып, балағат сөздер айтқан. Ал Бишімбаев бұл видеоларды түсірмегенін алға тартып, "бұл - монтаж" деп айтты.
Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді жантүршігерлік кадрларды көріп көз жасына ерік берді.
Бұған дейін сотта Бишімбаевтың ұялы телефоны тексерілгенін жазған едік.