Әжейдің видеосы Instagram желісіндегі парақшаларда жаппай тарап жатыр.
"Үлкенге үлгілі, кішіге сыйлы келін бол. Ата-енеңді сыйла, үйден көрген тәрбиелеріңді іске асыр, жаным. Ибалы бол, бірақ сүмірейіп қалма. Батыл бол, биік-биік тауларға шыға бер. Үбірлі-шүбірлі, бала-шағалы болып, бақытты өмір сүр. Жүзіңнен күлкі кетпесін, жаманшылық басыңнан өтпесін, жаным. Аспаның ашық, жүзік жарық болып, бақытты бол", - дейді өз сөзінде ол.
Бұл видеоны көрген көпшілік түрлі пікір жазып қалдырды. Оқырмандардың басым бөлігі әжейдің сөзін құптаған сыңайлы.
"Дұрыс айтты", "Дұрыс, сүмірейіп қалма", "Барлық қыз-келіншек бақытты болсын", Дұрыс, үндемесең басына береді", "Неге жылап жатырмын?" , "Келісемін" , "Күлкімді тыя алмай отырмын" деді олар.