Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бөгет салуға көмектесіп, жұртты тәнті қылған ит туралы қызықты дерек шықты

Атыраулық тұрғынның иті Жайық өзенінің жағалауына құм толтырылған қапшықтарды тасып жүр.

Бөгет салуға көмектесіп, жұртты тәнті қылған ит туралы қызықты дерек шықты
Фото: видеодан скриншот

Атырау облыстық жедел штабтың ақпаратына қарағанда, иттің иесі Зәмзагүл Жаңабаева Сарытоғай ауылында тұрады. Махамбет ауданында 21 елді мекен бар. Ал Сарытоғай – Жайық өзеніне жақын орналасқан 17 ауылдың бірі.

«Бұл итті күшік кезінен бері асырап келемін. Оны үш жыл бұрын алған едім. Бір-бірімізге үйреніп қалдық. Пшөн деп атадым. Содан бері түрлі тапсырманы орындауға үйреттім. Айтқанымды бұлжытпай орындайды», - дейді Зәмзагүл Жаңабаева.

Оның айтуынша, құм салынған қапшықты тасу оңай емес. Топырақтың салмағы ауыр.

«Маған қапшықтарды тасымалдау қиын ғой. Сол себептен итті шақырып, иығына құм салынған екі қапшықты ілдім. Сол қапшықтарды сүйрелеп, жағаға жеткізіп берді», - дейді Зәмзагүл Жаңабаева.