Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

«Тойы болуы керек еді»: Құлсарыда әкесімен бірге опат болған жігіт туралы тың дерек шықты

Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында 6 сәуірде әкесімен бірге жоғалып кетіп, денесі табылған 24 жастағы жігіт туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Тойы болуы керек еді»: Құлсарыда әкесімен бірге опат болған жігіт туралы тың дерек шықты
Коллаж: El.kz

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде марқұм болған жас жігіт 14 сәуірге үйлену тойын белгілеп қойғандығын мәлімдеді.

Су басқан үйін қарауға шыққан әкесі мен баласын іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің 39 жеке құрамы, 1 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.

Олардың денесі өз үйлерінен бір шақырым жерден, 1,5 су астынан табылды.