Атыраулық балалар да су тасқынына қарсы жұмыстарға белсенді қатысып жүр

Атыраулық 5 жасар Алдияр су тасқынын алдын алу жұмыстарына белсенді қатысып жүр, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Атыраулық балалар да су тасқынына қарсы жұмыстарға белсенді қатысып жүр
Фото: видеодан скриншот

Видеода бір топ кішкентай ұл-қыздар тасқынның алдын алу жұмыстарына өзіндік үлестерін қосып жатқанын көруге болады.

Күн дерек. Атырау облысында су тасқынының алдын-алу шаралары:

Өткен тәулікте жағалауды нығайту жұмыстарына жұмылдырылды:

⁃ 1009 арнайы техника; - 2291 мекеме жұмысшылары; ⁃ 3643 ерікті; 68,7 шақырым бөгет тұрғызылды 216 тонна гуманитарлық көмек жиналды 744,2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.