Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Шымкентте зауыттың төбесі құлап, үш адам қаза тапты

Олардың бірі - күзетші, екеуі - иесіз қалған ғимараттың металл құрылымдарын бөлшектеумен айналысқандар.

Шымкентте зауыттың төбесі құлап, үш адам қаза тапты
фото: дереккөз

Шымкентте "Ордабасы" индустриалды аймағындағы 5 қабатты зауытта темір-бетон плиталарының жабындысы құлап, ішінде жүрген 3 адамды басып қалған, деп хабарлады paryz.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, "112" басқару пультіне күндізгі сағат 14:43-те Қапал батыр тас жолында орналасқан "Ордабасы" индустриалды аймағынан шұғыл хабарлама келіп түскен. Жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайтын ғимараттың қараусыз қалғаны анықталған.

Оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, 1 кинологиялық топ жұмылдырылған. Осы қызметкерлер мен қызметтік иттердің көмегімен үйінділердің астынан 3 ер адамның денесі табылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың бірі - күзетші, екеуі - иесіз қалған ғимараттың металл құрылымдарын бөлшектеумен айналысқандар.