Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"5 жасар қызды зорлаған": Сәтбаевтағы оқиғаға күдіктілер тергелуде

Көп уақыт өтпей, күдікті өткен жылдың қараша айында тергеу абақтысында асылып өлді. Ал оның қасында қонаққа келген ерлі-зайыптының болғаны белгілі болды...

"5 жасар қызды зорлаған": Сәтбаевтағы оқиғаға күдіктілер тергелуде
фото: ашық дереккөз

Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлады деген күдікпен тағы екі адамнан жауап алынып жатыр, деп хабарлады paryz.kz, КТК арнасына сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметінше, өткен жылы шілдеде қаршадай қызды пәтерге 62 жастағы үй иесі кіргізіп алған. Бейкүнә баланың туыстары мен көршілері қызды іздей бастағанда, пәтер иесі де түк болмағандай солармен бірге жүрген. Сөйтсе, ол қорғансыз қызға дәрі беріп ұйықтатып тастаған көрінеді. 

Ақыры күдік туғызған пәтерге еріктілер мен полицейлер басып кіріп, қызды төсектің астынан ес-түссіз күйінде тапты. Осыдан кейін жиналған жұрт пәтер қожайынын өзіміз жазалаймыз деп, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Көп уақыт өтпей, күдікті өткен жылдың қараша айында тергеу абақтысында асылып өлді. Ал оның қасында қонаққа келген ерлі-зайыптының болғаны белгілі болды. Енді сотта осы екеуі жауап беруде. Ал қаланың астаң-кестеңін шығарып, бұзақылық жасағандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар екен. Сондықтан олардың ісін ювеналды сот қарайды.

"Бүгінгі күні аталған іс бойныша 57 күдікті жауапқа тартылып жатыр. Олардың 44-іне бұлтартпау шарасы, қамауда ұстау шарасы қолданылған. Бесеуі – үйқамақта, үшеуі ата-анасының қарауына берілген, екеуі ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен босатылып және үшеуі іздеуде жүрген. Оның біреуі анықталды", - дейді Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрсұлтан Қалдырбай.