Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Сыр өңірінде «Таза Қазақстан» акциясына Арал ауданы айрықша атсалысуда

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына орай Қызылорда облысының әкімі өз үндеуін жариялады, деп Paryz.kz.

Сыр өңірінде «Таза Қазақстан» акциясына Арал ауданы айрықша атсалысуда
Фото: Арал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Арал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес осынау сауапты бастамаға Аралдықтар да айрықша атсалысып, тазалық жұмыстарына бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара үлестерін қосуда.

Атап айтқанда, қалада да далада да берері мол тірлік қолға алынып, үлкен-кіші туған жерге деген патриоттық сезіммен бір кісідей қолтаңбаларын қалдыруда. Нақтырақ тоқталсақ, өткен жылы ғана пайдалануға берілген «Балықшылар аллеясының» сәніне сән қосып, тал отырғызу, шығармаларын әлем мойындаған Әбдіжәміл Нұрпейісов мұражайының ішкі-сыртқы келбеті жаңа кейіпке енді.

Арал қаласының барлық аумағында әктеу, сырлау жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп, аялдамалар көз қызығатындай өзгерді. Көше бойында автомобиль жолдарының жолақтары қайта сызылып, аудан орталығындағы маңызды ғимараттардың қасбеттері жаңартылды.

Өткен жылы басталған теміржол үстінен өтетін аспалы көпір құрылысы қарқынды жүруде.

Осы және өзге де толымды тірліктер, жарқын жобалар жүзеге асса ауданның ажары бүгінгіден де айшықтала түспек.