Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Жүрек ауырады»: Ауылындағы үйінің суға кеткенін көрген актер жылап қалды

«Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабеков Атырау облысына қарасты Құлсары қаласына барып, туып-өскен үйінің суға кеткеніне жүрегі ауырды, деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жүрек ауырады»: Ауылындағы үйінің суға кеткенін көрген актер жылап қалды
Фото: видеодан скриншот

«Балалық шағымның өткен жері ғой. Қара шаңырақ... Жүрек ауырады. Алла сабыр берші», - деді актер көз жасына ерік беріп.

Айта кетейік, актер 1988 жылы Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Бұл қала 5 сәуірде тасыған судың астында қалды. Соның салдарынан 2600 үйді су шайып, тұрғындар эвуакцияланды.

«Аллам жеңілдігін берсін бауырым», «Алла бәрімізге жар болсын, сол туып-өскен жердің осы күйге жеткендігі жанды жаралап тұр», «Балалық шағымыз өткен ауылымыз мынадай болады деп кім ойлаған. Алла сабыр берсін», «Туған үйге,туған жерге ештеңе жетпейді ғой.  Әттең алдын ала қамданып жағдай жасаса ғой», «Жанболат бәрі жақсы болсын», - деген пікірлер бар.