Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда "өлілердің тізіміне" кіріп кеткен әйел зейнетақысыз қалды

Ол Казталов ауданында операциялық медбике болып жұмыс істегенін және 1996 жылы зейнетке шыққанын айтты...

Оралда "өлілердің тізіміне" кіріп кеткен әйел зейнетақысыз қалды
фото: дереккөз

Оралда 1950 жылы туған зейнеткер Мансия Жакупова қайтыс болғандар тізіміне қате енгізілгендіктен, зейнетақысыз қалды, деп хабарлады paryz.kz, жергілікті басылымдарға сілтеме жасап.

Мансия ханым ақпан айындағы зейнетақысын неге алмағанын сұрау үшін төлем орталығына барған. Бірақ ол өзінің қайтыс болғандар тізіміне қате енгізілгенін білген. Енді өзінің тірі екенін дәлелдеуі керек. Ол өлім туралы куәлікті кім бергенін мүлдем білмейді. Зейнетақысынан айырылғандықтан, қарыздарын төлей алмай отыр.  

"Банк – төлем орталығына, ал төлем орталығы – көші-қон қызметіне бару керек деп айтты", - дейді ол.

Әйел бұған дейін Казталов ауданында операциялық медбике болып жұмыс істегенін және 1996 жылы зейнетке шыққанын айтты.

"Зейнетке шыққаннан кейін біз қалаға көшіп келдік. 25 жыл бойы мен зейнетақы алдым. Ақпан айында мен қайтыс болғандардың тізімінде болғандықтан, зейнетақысыз қалдым. Тірі адамды өлі деп тану ойға қонымсыз ғой! Бұл қалай болғаны?" - деді Жакупова.

Көші-қон қызметі тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу мәліметтер базасына сәйкес қайтыс болу мәртебесі жоқ екенін және алдыңғы құжаттар бойынша Мансия Жакуповаға түзету үшін хат жіберілгенін хабарлады.