Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Семейде былтыр мыңнан астам адамға қылмыстық іс қозғалған

Жалған кәсіпкерлердің кесірінен 700-ден астам тұрғын зардап шегіпті.

Семейде былтыр мыңнан астам адамға қылмыстық іс қозғалған
фото: ашық дереккөз

Семейде былтыр мыңнан астам адам істі болған, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қауіпті індет өршіген тұста қылмыстық іс көбейіпті. Жылдық қорытынды кезінде қаржы пирамидасы төңірегіндегі қылмыс резонанс тудырған күрделі іс деп танылды. Жалған кәсіпкерлердің кесірінен 700-ден астам тұрғын зардап шегіпті. Жәбірленушілер алаяқтардың сөзіне сеніп, сан соққан. Келтірілген шығын көлемі 26 миллионнан асқан.

"Бұл қылмыстық іс бойынша 3 сотталушы өтті. 6 жылға, 5 жыл 8 айға үшеуі сотталды. Жәбірленушілер үлгеріп, тергеу аяқталғанға дейін талап-арыздарын берді. Талап-арыздары қанағаттандырылды толығымен. Бұл үкім заңды күшіне енді. Қазір орындалу барысында", - деді сот төрағасы Жанат Әбенова.