Бұл кезеңде ең көп жалпы өсім үш аймақта байқалды...
Қазақстанда халық саны 2021 жылдың 1 қаңтарындағы есептеулер бойынша 18877,1 мың адам болды, деп хабарлады paryz.kz.
Оның ішінде қала тұрғындары – 11149,7 мың адам (59,1%), ауыл тұрғындарының саны – 7727,4 мың адам (40,9%). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда, халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% көбейді. Бұл кезеңде ең көп жалпы өсім үш аймақта байқалды: Алматы қаласында (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (48,5 мың адам) және Шымкентте (38,0 мың адам).