«Келесі аптада жүздесеміз»: Жәнібек анасын көрсетті (ВИДЕО)

Биологиялық анасын іздеген Жәнібек өзін асырап алған бельгиялық анасы Валеримен сөйлесіп, оны Қазақстандағы достарымен байланыстыратынын айтты, деп жазады Paryz 

«Келесі аптада жүздесеміз»: Жәнібек анасын көрсетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

"Валери, қайырлы күн! Жүздеспегелі көп болды. Қазақ еліндегі достарымның сізге біраз сұрағы бар. Өзіңізді көрсек дейді. Келесі аптада сұрақ / жауап ұйымдастырсақ бола ма?", – деді ол Валериге.

"Жарайды, сенің достарың маған сұрағын қоя алады. Қарсы емеспін!" – деп жауап берді анасы.

"Керемет, Қазақ елі сізбен танысады. Келесі аптада жүздесеміз", – деп сөзін аяқтады Жәнібек.