Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда спорт күні өтті

20 наурызда Қазақстанда Наурызнама онкүндігін мерекелеу аясында ұлттық спорт күні өтті. Бұл күні Алматыда аудандарда, мектептерде және комьюнити орталықтарда көптеген іс-шара өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда спорт күні өтті
Фото: gov.kz

Бұл күні мектеп оқушылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Жетісу ауданының № 110 мектеп-гимназиясында 7-8 сынып оқушылары арқан тарту, асық ату, тымақ ұру, қол күрес, бұқа тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты, №7 Оқушылар үйінде «Тоғызқұмалақ» зияткерлік ұлттық ойыны бойынша оқушылар арасында «Ұлыстың Ұлы күні – ұлттық игі» атты қалалық жарыс өтті. Әуезов ауданының №116 мектебінде оқушылар арқан тарту, асық ату, тымақ ұру, бұқа тартыс және тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

Сонымен қатар, Наурызнама онкүндігін мерекелеу аясында ұлттық спорт күніне арналған мерекелік іс-шара қалалық комьюнити орталықтардың бірінде өтті. Түрксіб ауданында жастар арасында арқан тарту, армрестлинг және асық атудан жарыс ұйымдастырылды.

Наурызбай ауданында № 76 мектеп-гимназиясында ұлдар арасында асық ату, тоғызқұмалақ, бестас (шекемтас), қол күрес, ләңгі тебу, арқан тарту, ханталапай және тымақ ұрудан ұлттық ойындар өткізілді. Ұлттық ойындарға 100-ден астам оқушы қатысты.

Алатау ауданында №152 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында арқан тарту, асық ату, бес асық, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, бұқа тартыс және теңге алудан жарыстар өтті.

Бостандық ауданында Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық челленджі өткізілді. 200-ден астам жас домбырашы Ер Тұран мен Балбырауын сынды қазақ композиторларының күйлерін тартты.