Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Әлхамдулилла, мұсылманмын!»: алматылық трансгендер мешітке барып, азан шақыртып есімін өзгертті

Қазақстандық блогер-трансгендер, көпшілік арсында “Нико Нет” лақап атымен танымал Наиль Тұрғанов мешітке барып, имамның көмегіне жүгінді. Алдында қыз отыр деп ойлаған дін өкілі атышулы трансгендердің есімін өзгертті, деп жазады Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Әлхамдулилла, мұсылманмын!»: алматылық трансгендер мешітке барып, азан шақыртып есімін өзгертті
Фото: видеодан скриншот

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында анасымен мешітке барғаны туралы жазды. 

“Әлхамдулилла, мен енді мұсылманмын. Дінімізде екі атпен жүруге болмайды. Атам азан шақырып, атымды Наиль деп қойды. Араб тілінен аударғанда бұл есім "жетістікке жету", "мақсатқа жету", "сыйға лайық", "пайда" деген мағынаны білдіреді. Қазір мені барлығы “Ника” деп атайды. Ника – грек тілінен аударғанда “жеңіс” дегенді білдіреді. Сондай-ақ ежелгі Грекиядағы жеңіс құдайының аты”, – деп жазды блогер.

Трансгендер жаңа есімін өзінің өмір жолындағы қиындықтармен байланыстырғанын айтады.

“Мен өткерген жолымды жеңістің бір түрі деп білемін. Анам екеуіміз мешітке барып, есімімді өзгерді жөн көрдік. Енді бұдан былай мен Никамын. Түсінемін, мен ауыр күнә жасадым. Бірақ егер шын ниетіммен кешірім сұрасам Алла мені кешіреді деп үміттенемін. Анам Алланың мейірімді екенін, егер шын көңілмен рақым етуін сұрасам кешіретінін айтты”, – дейді трансгендер.

Әлеуметтік желіде жарияланға видеодан имамның азан шақырып ат қойып жатқанын көруге болады. Блогер имамды айтқанына сендіргені үшін, ал имам алдына келген адамның әйел емес, еркек екенін аңғармағаны үшін сынның астында қалды.

“Сен имамды алдап соқтың”, “Мынау расымен дінді мазақ етіп отыр”, “Дінімізде еркек әйел болып, мешітке барып азан шақыртып ат қоюы дұрыс па?”, “Бұл қаншалықты шариғатқа сай”, “Имам да қызық, қалай азан шақырып жатыр?”, “Алладан қорық”, “Масқара”, – деп пікір қалдырыды желі қолданушылары.

Болған жағдайға қатысты мешіттің баспасөз қызметі пікір білдірді. Олардың мәліметінше, Никаға өзінің бұрынғы есімін өзгертпеуге кеңес берген. Алайда блогердің анасы қызына азан шақырып басқа есім қоюды талап еткен.

“Әйел кезекші наиб имамнан азан шақырып, қызының атын өзгертуін сұрады. Оның айтуынша, бұл қызы үшін өте маңызды шешім болған. Өйткені қызының бұрынғы аты өзіне де, туған-туыстарына да ұнамаған”, – делінген хабарламада.

Трансгендер есімін өзгерткен соң арада 5 сағат өткеннен кейін әлеуметтік желіде имамның көмегіне жүгіінген қыздың шын мәнінде еркек болғаны жайлы ақпарат тарады. 

“Наиб имам оның орамалдағы анасының сөзіне сеніп, діни рәсім өткізгені үшін мұсылман қауымнан кешірім сұрады”, – деп мәлімдеді мешіттің баспасөз қызметі.

Болған жағдайден кейін имешіт Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған.

Бұған дейін түркістандық мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтер клубында демалғаны үшін жұмыстан қуылған еді.