2 сәуір күні Нүкенова Салтанатты өлтірген күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев алғаш рет қайғылы оқиға туралы түсініктеме берді. Бірақ кейбір сөздерінің шындыққа жанаспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Сот залында берген түсініктемесінде Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында түсінбеушілік болғанын айтқан. Сондай-ақ, бұл оқиғаға Салтанат кінәлі деп жеткізді. Дегенмен, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман өзінің инстаграм парақшасында Бишімбаевтың айтқанын жоққа шығарды.
Ол Салтанатпен арада ешқандай дау дамай, кикілжің болмағанын айтып, тіпті хат алмасқандарын көрсетті.