Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Мен қазақпын!» деп кеуде ұрғандардың қайсысы жанымен қазақ, жүрегімен қазақ

«Ораза қабыл болсын!»: Тікелей эфир ағартушылық тақырыбына арналды. Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы рухани кемелдікке тоқталды. Хәкім Абайдың хикметін түсіндірді.

«Мен қазақпын!» деп кеуде ұрғандардың қайсысы жанымен қазақ, жүрегімен қазақ
Фото: Kazinform

«ҚазАқпарат»
Халықаралық ақпарат агенттігі

11:28, 02 Сәуір 2024 | GMT +6

 

«Мен қазақпын!» деп кеуде ұрғандардың қайсысы жанымен қазақ, жүрегімен қазақ

Нұрлан имам

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Ораза қабыл болсын!»: Тікелей эфир ағартушылық тақырыбына арналды. Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы рухани кемелдікке тоқталды. Хәкім Абайдың хикметін түсіндірді.

«Ойшылдың тағлымында қазақтың рухы мен жаны бар, имани жүрегі соғады. Тіпті, кеселін де шымшып көрсетеді. Десем де, күні бүгінге дейін қазақтың нағыз кейпін Абайдан артық ешкім тани алмады. Егер, өзіміздің қандай екенімізді білгіңіз келсе, Абайды түгел оқып шығыңыздар. Бүгінгі өмірдің біраз сұрағына ойшыл бабамыз осыдан бір жарым ғасыр бұрын қара сөздері, өлеңдері, аударма мысалдарымен жауап беріп қойған»,- дейді. 

Өз сөзінде Абайдың көзбояу діншіл немесе діндар болмағанын, шынайы мұсылман болғанын түсіндіреді. Сондай-ақ тарихтан белгілі алаш зиялыларының дәстүрге көзқарасы, ата дініміз туралы пайымы қандай болды? Дінтанушы кеңірек тоқталды.