Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы әкімдігі көлік жалдау үшін 120 млн теңге жұмсайды

Бірақ онда қалаған көліктің маркасы және басқа талаптары көрсетілмеген. 

Алматы әкімдігі көлік жалдау үшін 120 млн теңге жұмсайды
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы әкімінің аппараты қызметтік көліктер үшін 120 млн жұмсамақшы, деп хабарлады paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап.

Лот құжатында берілген көліктер дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда, 8:00-ден 18:00-ге дейін іссапарға шығатындығы жазылған. Бірақ онда қалаған көліктің маркасы және басқа талаптары көрсетілмеген. Қызмет 10 айға есептелген.

Сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автокөлік қызметі" ЭБҚ ММК 93 млн теңгеге автокөлік жалдаған. Мұнда бизнес-класс және люкс класс үлгілері ұсынылған.

Павлодар облысының әкімі автомобильдерді жалға алуға тиісінше 138 млн теңге жұмсаса, Экология министрлігі жыл сайын автокөлік жалдауға 100 млн теңге шығындап отырады екен.